Ресейге қарсы енгізіліп жатқан санкциялар еліміздің бизнесіне пайда әкелуі мүмкін.
Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметовтың айтуынша Ресей көптеген мемлекеттерден келетін азық-түлікке тыйым салып отыр.
Ал 140 млн халқы бар елге тамақ керек. Сондықтан біздің кейбір азық түрлері, мәселен, ет, сүт, жеміс-жидек жағынан ат салысуымызға барлық мүмкіндік бар.
Сондай-ақ, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов жаңа форматты базарларға субсидия берiлуi керектігін тілге тиек етті.
Индира БЕГАЙДАР