Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Алжирдің Энергетика министрі Юсеф Юсфимен кездесті.
Тараптар екі елдің энергетика және сауда мәселелерін талқылады.
Министр алжирлік тарапты EXPO-2017 көрмесіне дайындық кезінде белсенділік танытуға шақырды.
Айта кетейік, Ерлан Ыдырысов екі ел арасындағы саяси диалог пен іскерлік қарым-қатынасты нығайту мақсатында биылғы жылы Магрибке сапарламақ.
Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ