Астанада Украина дағдарысын талқылауға арналған саммит өтуі мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада Украина дағдарысын талқылауға арналған саммит өтуі мүмкін

21.01.2015
Астанада Украина дағдарысын талқылауға арналған саммит өтуі мүмкін

Ресейлік сарапшылардың пікірінше, қазіргі таңда Украина мәселесін талқылауға Қазақстан аса қолайлы ел болып тұр.

Себебі барлық тараппен байланысы жақсы ресми Астана келіссөздер кезінде бейтарап 3-ші жақ бола алады.

Әрі Украниа дағдарысын реттеуге араласатын мемлекеттердің басшылары, кездесу Астанада өтсе ғана келуі мүмкін.

Сонымен қатар, мамандар «кез келген мәселені күшпен емес, келісіммен шешіп отырған Қазақ елінің, дағдарысты реттеуге өзіндік пайдасы тиеді» - дейді. 

 

Нұртас СОЛТАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу