Астанада Украина, Ресей, Германия және Франция көшбасшылары кездесуі мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада Украина, Ресей, Германия және Франция көшбасшылары кездесуі мүмкін

30.12.2014
Астанада Украина, Ресей, Германия және Франция көшбасшылары кездесуі мүмкін

Қазақстан Президенті желтоқсан айында Киев пен Мәскеуге жасаған сапарында Украина дағдарысынан шығудың ықтимал жолдарын талқылаған еді.

Сол кездесулерден соң Нұрсұлтан Назарбаев бұл тақырыпты Украина Президенті Петр Порошенкомен, Франция Президенті Франсуа Олландпен және Германия Канцлері Ангела Меркельмен телефон арқылы сөйлескен кезінде де талқылады.

Украина Президенті Петр Порошенкомен және Ресей Президенті Владимир Путинмен келіссөздер нәтижесінде екі ел көшбасшыларының ықтимал кездесуін Астана қаласында Германия канцлері Ангела Меркель және Франция Президенті Франсуа Олландтың қатысуымен өткізу мәселесі келісілді.

Хабарламаларға жазылу