Бүгін, Алматыда Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Ресей Федерациясының Үкімет төрағасы Дмитрий Медведевпен кездесті. Кездесу кезінде екі елдің Үкімет басшылары Ресей мен Қазақстанның екіжақты сауда-экономикалық мәселелерін, соның ішінде электр энергетикасы, мұнай-газ, көлік тасымалы және ғарыш салаларындағы ынтымақтастығын талқылады.