«Түркі дүниесі: рухани мұра және бүгінгі мәдениет» атты халықаралық симпозиум аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Түркі дүниесі: рухани мұра және бүгінгі мәдениет» атты халықаралық симпозиум аяқталды

30.10.2014
«Түркі дүниесі: рухани мұра және бүгінгі мәдениет» атты халықаралық симпозиум аяқталды

Астанада бас қосқан түркітектес мемлекеттердің ғалымдары мен профессорлары тарқасты.

«Түркі дүниесі: рухани мұра және бүгінгі мәдениет» атты халықаралық симпозиумда ғалымдар ортақ тарихымыз бен мәдениетімізді талқылады.

Басқосуға отандық ғалымдар мен Түркия, Таулы Алтай Республикасы, Татарстан, Әзірбайжан, Қырғыз Республикасының қоғам қайраткерлері қатысты.

«Басты мақсат – тамыры бір түркі халықтарының тарихын ұрпаққа кеңінен насихаттап, бауырлас елдердің бірлігін нығайту», дейді ұйымдастырушылар.

 

Айбар ТӨЛЖАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу