Еуроодақ елдері ілеспе газдың бөлінуін 40 пайызға азайтпақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуроодақ елдері ілеспе газдың бөлінуін 40 пайызға азайтпақ

24.10.2014
Еуроодақ елдері ілеспе газдың бөлінуін 40 пайызға азайтпақ

Еуроодақ елдері 2030 жылға қарай ілеспе газдың бөлінуін 40 пайызға азайтпақ.

Ұйымға мүше мемлекеттердің  басшылары Брюссельде басталған климат және энергетикалық саясат мәселелеріне арналған саммитте осындай уағдаластыққа қол жеткізді.

Сонымен бірге, қайта қалпына келетін энергия үлесін 27 пайызға жеткізу жоспары да сөз болды.

Алқалы жиында қоршаған ортаны қорғау және қуат көздерін үнемдеуге қатысты 2030 жылға қарай жүзеге асатын шаралар тізбегі бекітіледі.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу