Қазақстан құқық үстемдігі индексі бойынша - 71-ші орында. Рейтингке барлығы 99 ел енген.
Бұл туралы бүгін Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов мәлімдеді.
Баспасөз мәслихатында Қазақстандағы құқық үстемдігінің қолданыстағы моделі мен сот жүйесі қызметінің негізгі мәселелері талқыланды.
Сондай-ақ, отырыста құқық қорғау органдарының қызметін жетілдіру қажеттігі туралы айтылды.
Ләззат БЕКТАС