Бүгін Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің кеңейтілген отырысында миграция мәселесіне арналған Заң жобалары қаралды.
Отырыста «Қазақстан Үкіметі мен Швейцарияның Федералды кеңесі арасында рұқсатсыз елге кірген азаматтарға қатысты келісімді ратификациялау туралы» Заң жобасы қызу талқыға түсті.
Құжат қабылданса, біздің елдің азаматтары Швейцарияға визасыз бара алады.
Бұдан бөлек, қандай да бір қылмыскер Женева асса, кері қайтарып алу жағы жеңілдетілмек.
Нұрбек БЕКБАУ