Жамбыл облысының әкімі есеп берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл облысының әкімі есеп берді

10.10.2014
Жамбыл облысының әкімі есеп берді

Жамбыл облысында бірнеше салада ілгерілеу, ал өңірдегі өңдеу өнеркәсібінде іркіліс бар. Яғни, аймақ осы салада биыл жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізе алмады. Басты себебі, әлемдік нарықта химия өнімдеріне сұраныс төмендеп кеткен. Халық тығыз орналасқан облыстың бүгінгі жай-күйі мен 1 жылда атқарылған шаруаларын тізбектеп, бүгін Астанаға Кәрім Көкірекбаев келді.

Жамбыл облысы - аграрлық аймақ. Десе де, әзірге өзін толық қамтуға шамасы жетпейді. Кірісінің 48 пайызын мемлекет береді. Түйткілдің түйінін тарқату үшін индустриалды карта бойынша 29 жоба іске қосылды. 131 миллиард теңге инвестиция тартылды.

Жамбыл облысы дегенде су мәселесін айтпауға болмайды. Өйткені өңір су мәселесінде 80 пайыз қырғыз еліне тәуелді. Енді Жамбыл жұрты мен қырғыз ағайындылар арасындағы су дауына нүкте қойылар күн жақын. Бұдан былай өңір халқы ауызсудан таршылық көрмейді.

Биыл облыста 6 ай құрғақшылық болды. Нәтижесінде, егін былтырғыдан 7 пайызға көп егілгенімен, өнімнің 60-70 пайызы қурап қалған. Су керек. Айтпақшы, аймақта мал көп болса да, сүт өнімдері тапшы. Сол себепті ауыл шаруашылығы саласына шетелдерден елдерінен инвестиция тартпақ.

Әсем ИЗАТҚЫЗЫ  

Хабарламаларға жазылу