Батыс Қазақстан облысының әкімі есеп берді (толығырақ) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Батыс Қазақстан облысының әкімі есеп берді (толығырақ)

03.10.2014
Батыс Қазақстан облысының әкімі есеп берді (толығырақ)

Қыркүйекте жөндеу жұмыстарына жабылған Орал әуежайы 15-ші қарашадан кейін ашылады. Ұшу-қону жолағы екі кезең бойынша жүргізілмек. Оған республика бюджетінен 6 миллиард теңге бөлініп отыр.

627 мың тұрғыны бар облыстың еліміздің ЖІӨ үлесі - 5 пайыз, ал өндіріс өнеркәсібінде - 10,5 пайыз. Республиканың агроөнеркәсіптік аймағы саналатын өңірде газ конденсатының 99,5 пайызы өндіріледі. Ал елдегі табиғи газдың 46 пайызы осы облысқа тиесілі.

Аймақта құрылыс индустриясы, агроөнеркәсіптік кешен, машина құрастыру, металлургия, мұнай өңдеу және энергетика салаларында 36 жоба қолға алынған. Жалпы сомасы - 287 миллиард теңге. Оның 31-і жүзеге асырылды. Тағы екеуі жыл соңына дейін іске қосылады. Нәтижесінде 360 жұмыс орны ашылады.

Әсем ИЗАТҚЫЗЫ

 

 

Хабарламаларға жазылу