Каспий жағалауындағы мемлекеттер аймақтық қауіп-қатерлермен бірлесіп күресуі керек. Себебі, сыртқы күштердің ықпалы мен террористік ұйымдардың жандануы, Каспий өңірінің қауіпсіздігіне кері әсер етуі мүмкін. Мәскеу қаласында бас қосқан сарапшылар, осындай пікір білдірді. Олар Астраханьда өткен 4-ші cаммитің табысты болғанын айтты.
Мамандардың пікірінше, жиында президенттердің қауіпсіздік мәселесіне ерекше мән бергені, аймақтағы тұрақтылықты сақтауға барлық тараптың мүдделі екенін көрсетеді.
Нұртас СОЛТАНҰЛЫ