Астанада су көлігі түрлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада су көлігі түрлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі талқыланды

30.09.2014
Астанада су көлігі түрлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі талқыланды

Су көлігінің қауіпсіздігі. Бұл мәселе бізде де өзекті. Бүгін Астанада осындай тақырыппен халықаралық жиын өтті. Басқосуға жиналғандар – су көлігіне қатысты заңнаманы жетілдіру, теңіздегі әкімшілік жұмыстарды күшейту, қоршаған ортаны қорғау мәселелерін талқылады.

Іс-шараны ұйымдастырушы Инвестиция және даму министрлігінің өкілдері –теңізшілерді даярлау, теңіздегі адам өмірін қорғау деп аталатын заңдарға өзгерістер енгенін сөз етті. Жиынға қатысушылар теңіздегі кеме қозғалысын толық қауіпсіз ету үшін – навигациялық орталық салу қажеттігін баса айтты. Осы мекеме – су үстінде болған апатқа жедел жетіп, олқылықты түзеуге тиіс. Іздеу-құтқару жұмыстарын жүргізуі қажет екен. Мұнан бөлек, алыс сапарға шыққан кемелерді спутникпен бақылау жүйесін енгізу қажеттігі де айтылды.

 

Хабарламаларға жазылу