Қытай астанасы Бейжіңде «ҚазМұнайГаз – қайта өңдеу мен маркетинг» АҚ және қытайлық «Цинхуа» корпорациясының арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Құжатта Қазақстанда көмірді кешенді өңдеу және отынның синтетикалық түрлерін шығару жобасын бірігіп жүзеге асыру жайлы келісім жасалған. «Цинхуа» корпорацисы - көмірді өндіру, өңдеу, байытудан Қытайдағы ең ірі жекеменшік мекеме. Онда 20 мынңнан астам жұмысшы қызмет етеді.
Дәурен БАУЫРЖАНҰЛЫ