Татарстан Республикасының Президенті Рустам Миннихановпен Астана әкімі Иманғали Тасмағамбетов те кездесті. Кездесу барысында іскерлік және мәдени-ағартушылық салалардағы екі жақты тиімді серіктестік байланыстар талқыланды. «Татарстан біз үшін өте маңызды серіктес. Бұған тек халықтарымыздың рухани ортақ құндылықтары ғана емес, белгілі объективті факторлар да ықпал жасауда», - деді қала әкімі. Өз кезегінде Татарстан Президенті жылы қабылдау үшін алғысын білдіріп, қабылдаушы тарапты тек қана индустрия саласында ғана емес, спорт бағытында да ынтымақтастық құруға шақырды.