Талдықорғанда Қазақстан-Беларусь сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның 11-ші отырысы өтті.
Бұл кездесуде өнеркәсіптік кооперация, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, машина жасау, ғарыш және басқа да экономиканың маңызды салалары бойынша екіжақты іс-әрекеттер мәселелері қаралды.
Беларусь делегациясын үкімет басшысының орынбасары Михаил Русый бастап келді.
Екі ел кәсіпкерлері Кедендік одақ шеңберіндегі жаңа іскерлік байланыстарды нығайту жөнінде келіссөздер жүргізді.
Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ