Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Азиядағы Өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес мәселелері бойынша Қытай Халық Республикасы Сыртқы істер министрі мақсатты тобының басшысы Гу Цзыпинмен кездесті.
Кеңесте екі елдің өзара ықпалдастығының келешегі мен Азиядағы өзара сенім шаралары кеңесінің болашақ даму үрдістері талқыланды.
Сондай-ақ, Сыртқы істер министрі Қазақстанда сапармен жүрген Канада Парламенттік делегациясымен де кездесті. Кездесу барысында тараптар түрлі саладағы екіжақты қарым-қатынас мәселелерін талқыға салып, саяси диалогты нығайту, үкіметаралық, сауда-экономикалық және гуманитарлық байланыстарды күшейту секілді салалардағы даму динамикасын атап өтті.
Сәкен СЕЙІТХАНҰЛЫ