Қазақстан мен Ресей қорғаныс-өнеркәсіптік кешендерді интеграциялап, бірлескен өндіріс орындары мен кәсіпорындарды ашуға мүдделі. Еліміздің Қорғаныс министрі Серік Ахметов пен РФ Үкіметі жанындағы әскери-өнеркәсіптік комиссия төрағасының орынбасары Олег Бочкаревпен кездесу барысында осы мәселелерді талқылады.
Сондай-ақ, Қорғаныс министрі «Ростехнологии» корпорациясының бас директоры Сергей Чемезовпен ғылыми-техникалық кооперациясы саласындағы бірлескен жобаларды іске асыру жайында әңгіме қозғады.
Индира БЕГАЙДАР