Жайықтың суы молайып келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жайықтың суы молайып келеді

18.07.2014
Жайықтың суы молайып келеді

Атырауда трансшекаралық Жайық өзені бассейнін қорғау және бірігіп пайдалану жөніндегі Қазақстан-Ресей мемлекеттерінің бірлескен комиссиясының отырысы өтті. Қос тараптың мамандары су қоймаларын толтыру және халықты, өндірістік салаларды сумен қамту, өзеннің экологиялық ахуалына назар аудару сияқты түйткілді мәселелерді талқылады. Сондай-ақ, басқосуда Жайық өзенінің жағдайын жақсарту мақсатында нақты ұсыныстар айтылып, шешімдер бекітілді. Мамандардың айтуынша, өткен жылы бұрынғыға қарағанда өзендегі су қоры молайған. Дегенмен, оның көлемі орташа көрсеткіш 9,46 текше метрге әлі де болса жетпеген. Жалпы, Атырау өңіріне су қорының 80 пайызы Ресейден келеді.

Бисен Қуанов, су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Жайық-Каспий инспекциясының басшысы:

2009-10-шы жылдары судың деңгейі бес жарым текше шақырымға дейін түсіп кетті. Былай қарағанда, елу пайызға дейін су азайып кетті. Енді, 2013 жылы 8 миллиардтекше метр болған. Биыл, енді сол жоспардағыдай болады деп жоспарлап отырмыз. Жағдаймыз жайлап жақсарып келе жатыр.

Сергей Юзепчук, Ресейлік жұмыс тобының жетекшісі:

Жұмыла көтерген жүк жеңіл. Біздер бірлесіп мониторинг жүргізуіміз керек.  Сондай-ақ, Жайық өзені бассейніне зиян келтіретін өндірістік нысандардың жұмысын қадағалауымыз қажет. Осы жұмыстарды қолға алсақ, бір нәтижеге қол жеткіземіз деп ойлаймын.

 Батырбек ҚУАНДЫҚҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу