Әлеуетті арттыратын келісім - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлеуетті арттыратын келісім

09.07.2014
Әлеуетті арттыратын келісім

Біріккен Ұлттар Ұйымы мен Маңғыстау облысы әкімдігі арасында бірлескен бағдарлама жүзеге асырылады. Бұл - аймақты әлеуметтік-экономикалық дамыту тұрғысында жасалып жатқан қадам.

Осыған орай, тараптар әріптестік туралы меморандумға қол қойды. Қазақстанда Біріккен Ұлттар Ұйымының 19 агенттігі бар. Өкілетті органдар ел әлеуетін жақсарту механизмдерін ұсынып келеді.

Енді Маңғыстауды жаңғыртуға кіріспек. Мұнда жұмыссыздықты жою үшін бизнеске гранттар ұйымдастыру мен ауыл шаруашылығына баса көңіл бөлу көзделіп отыр.

Стивен Тулл,  БҰҰ-ның тұрақты үйлестірушісі:

Мұнда Біріккен Ұлттар Ұйымы конвенциясын енгіземіз. Шығыс Қазақстанда бірлескен бағдарлама жалғасып жатыр. Сондағы қалыптасқан үлгіге сай өзге облыстарда да жұмыс істейміз. Жоба нәтижесін үш жылдан кейін көруге болады.

Жазира ӘБІЛ

Хабарламаларға жазылу