Қазақстан дінаралық татулықтың ордасы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан дінаралық татулықтың ордасы

05.07.2014
Қазақстан дінаралық татулықтың ордасы

Астана - қысқа мерзім ішінде әлемдік деңгейдегі жиындар ұйымдастырылатын орталыққа айналды. Бұл - Қазақстанның ішкі және сыртқы саясаттағы маңызды ұстанамының белгісі болса керек. Бұл - шетелдік сарапшылардың пікірі.

Кирилл, Мәскеу және бүкіл Ресей патриархы:

Қазақстанда бірнеше діннің өкілдері бас қосып, елдің дамуы үшін, тыныштықты сақтау үшін бірлесе әрекет етуде. Сондықтан Қазақстандағы дінаралық, конфессияаралық татулық әлемнің көтеген елдеріне үлгі болуы тиіс. Себебі жер бетіндегі түрлі қақтығыстардың түптөркінінде діни алауыздық жатыр. Мен Астана қаласында  өтетін әлемдік және дәстүрлі діндер сьезіне қатысқанмын. Бұл жиынды мен, қазіргі таңда аса тиімді алаң деп есептеймін. Ал Президент Нұрсұлтан Назарбаев елдегі тұрақтылық пен бірліктің кепілі болып отыр. Мен Қазақстан басшысымен болған кездесуімді үнемі ерекше көңілмен еске алып отырамын.   

Эркан Ибиш, Анкара университетінің ректоры:

Астанада ең бастысы халықаралық талаптарға сай келетін білім ордалары бар. Білім қуып келген жастарға толық мүмкіндік жасалған. Астана - болашақтың білікті кадрларын дайындатын қала. Назарбаев университеті мен Еуразия Ұлттық университетін қазір әлем таниды. Сондықтан осы беттеріңізден таймаңыздар дегім келеді. Астана бұдан өсіп-өркендесін. Біз бауырлас елдің бас қаласының жетістігіне қашанда қуанып отырамыз. Мерекелеріңіз құтты болсын!

Ван  Шусин, Қытай стратегия және басқару институтының директоры:

Қазақстан бағындырған белестер бүгінде аз емес.  Ол әр қадамы тек ел ішінде емес, бірегей материк кеңістігінде елеулі  өзгерістерге әкелетін, беделді мемлекетке  айналды. Кеше ғана еңсе көтерген жас мемлекетпен бүгінде әлем алыптары санасатын болды. Бұл, әрине қазақстандықтардың,  қазақ халқының бірлігінің арқасында жеткен нәтиже. Ал бас еңбек  осы бірлігі мен ынтымағы жарасқан Қазақ елін бастаған Нұрсұлтан Назарбевтыкі.  Нұрсұлтан Әбішұлы –  көреген, ақылды,  дана, әлемдегі ең беделді саяси тұлғалардың бірі. Оның тек қазақ халқына емес, әлем тарихына, көптеген елдердің көкейкесті мәселелерін шешуге қосқан үлесі, сіңірген еңбегі мол.   Назарбаевтай көшбасшысы, Қазақстандай кең байтақ елі, Астананадай сұлу, сымбатты елордасы бар Қазақ елі сөзсіз бақытты!

 

Хабарламаларға жазылу