Татарстан Президенті Астана күнімен құттықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Татарстан Президенті Астана күнімен құттықтады

01.07.2014
Татарстан Президенті Астана күнімен құттықтады

Барша қазақстандықтарды Астана күнімен, Татарстан Республикасының Президенті Рустам Минниханов та құттықтап отыр. Бауырлас елдің басшысы, Қазақстанның жетістігін, Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен байланыстырады.

Рустам Миннихановтың айтуынша, бұл күндері Қазақстан мен Назарбаев егіз ұғымға айналған. Себебі, еліміздің дамуын, елбасынсыз елестету мүмкін емес.

Қысқа мерзімнің ішінде Астанадай қала салып, ел экономикасын жылдан-жылға еселеп дамыту, барша қауымды тек бір мақсатқа жұмылдырып, дұрыс жолға бағыттай білген саясаткердің ғана қолынан келетін шаруа. 

Рустам Минниханов, Татарстан Республикасының Президенті:

Біз Қазақстанның жетістігіне үнемі қуанып отырамыз. Қазір елдеріңіз қарқынды түрде дамып келеді. Ең бастысы, әлі де экономикалық дамудың мол потенциалы бар. Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевты мен, сөз жоқ ерекше жаратылған тұлға, деп есептеймін. Қазақ Президенті бүкіл әлемде үлкен беделге, зор құрметке ие болған саясаткер. Сондықтан, Назарбаевтың жетекшілігімен, Қазақстанның әлі де толағай табыстарға жететініне мен сенімдімін. Ал біз, бауырлас ел ретінде, әрқашан сіздерді қолдаймыз.

Нұртас СОЛТАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу