Қазақстан – ең қарқынды дамушы әрі жетекші ел - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан – ең қарқынды дамушы әрі жетекші ел

26.06.2014
Қазақстан – ең қарқынды дамушы әрі жетекші ел
«Қазақстанның Тәуелсіздік алғанына 23 жыл болды. Өзімен бір уақытта дербестік алған мемлекеттер ішінде бүгінде ең қарқынды дамушы әрі жетекші ел. Жас мемлекетті қиын-қыстау, тоқырау кезеңінде стратегиялық ойларына жүгініп, алға сүйреген - Президент Назарбаев». Әлемдік сарабдал саясаткерлердің терең тұжырымдары осыған саяды.
 
Сүлеймен Демирел, Түркия Республикасының бұрынғы президенті:
Мен өмір бойы ең жақын, ағайын-туыс, бауырлас ел ретінде бір-бірімізді байланыстырып, табыстыратын берік қарым-қатынастар мен Қазақстанға жасаған әрбір іс сапар кезінде Сіздің айрықша жылы қабылдауларыңыздан алған әсерімді ерекше ықыласпен еске аламын. Біз көп қатпарлы тарихтың жаңа кезеңінің қалыптасу жолында бірге тер төгіп, еңбек еттік.
 
Леонид Кучма, Украинаның бұрынғы президенті:
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев - тәуелсіз жас мемлекеттің кемел келешегіне сеніммен көз тастаған көшбасшы тұлға. Оның стратегиялық дана ойлары мен орасан жобаларын іс жүзінде орындауда ұстанған оптимистік көзқарасына қарап, Біз Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің басшылары еріксіз таңғалатынбыз. Әлбетте, сол дана ойдан туған идеялардың бірі – құрылысы қарқын алған жаңа елорда - Астананың асқақтап өсуі.
 
Константинос Стефанополус, Грекияның бұрынғы президенті:
Менің Қазақ еліне жасаған іс-сапарымнан алған әсерім айрықша. Президенттеріңіз Нұрсұлтан Назарбаевтың қайраткерлігіне тәнтімін. Бастысы, Грекия мен Қазақстанның арасындағы сауда-экономикалық әріптестік ешқашан үзілмек емес. Еуропа және Азия елдерін жақындастыру бағытында барлық сала бойынша да қарым-қатынас орнатып, байланысты одан әрі нығайту – ортақ іс.
 
Алмат ӘБДІРАМАН

Хабарламаларға жазылу