Қытай елінің төрағасы қазақстандық студенттермен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытай елінің төрағасы қазақстандық студенттермен кездесті

25.06.2014
Қытай елінің төрағасы қазақстандық студенттермен кездесті
Бейжіңде Қытай Халық Республикасының төрағасы Назарбаев университетінің   студенттерін қабылдады. Алдыңғы жылғы Қазақстанға сапары кезінде Си Цзиньпин аталмыш білім ордасында дәріс оқып, осында білім алатын 200 студентті Қытайға қонаққа шақырған.
 
Оны қабыл алған Назарбаев университетінің студенттері Қытайдың Сиань, Шанхай қалаларын аралап, астанасында Си Цзиньпинмен кездесті. Кездесу барысында Қытай компартиясының төрағасы қазақстандық студенттерге Қытай тарихы мен қазіргі заманғы дамуы туралы әңгімелеп берді.
 
Қазақтың және Қытайдың мақалдарын мысалға келтіре отырып, екі ұлттың тарихи байланысы, қарым-қатынастарының даму үрдісін де сөз етті. Си Цзиньпиннің айтуынша, қазақ пен қытай достастығы сонау Ұлы Жібек жолы кезеңінен бастау алады. 
 
Сонымен қатар, Қытай басшысы екі мемлекеттің қарым-қатынастарының дамуы мен ынтымақтастығының нығаюы бүгінде аса маңызды мәселе, сол мақсатты жүзеге асыру үшін екі ел халқы да белсенді атсалысу  керек,- деді.
 
Си Цзиньпин, ҚХР төрағасы:
Біз, Нұрсұлтан Әбішұлы екеуміз жақсы доспыз. Бірлесіп екі мемлекеттің жан-жақты ынтымақтастығын дамытуда біраз жұмыс атқардық. Екі ел халықтарының достығы, берекесі ең басты мәселе. Достас мемлекет болғандықтан, бір-біріміздің тарихымызды, мәдениетімізді таныпбілгеніміз жөн. Сіздерде «көре-көре көсем боласың»,- деген сөз бар екен. Сол секілді сіздер, өскелең ұрпақ, көршілес, достас елді көрсін, таныссын деген ниетпен арнайы шақырып отырмыз. Өйткені, болашақ – сіздердікіСапарсіздергеұнады,дегенүміттемін.
 
Дәурен БАУЫРЖАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу