Астанада Қазақстан мен Малайзия бизнес форумы өтті. Оған Малайзияның Саравак штатынан келген 80-ге жуық делегат қатысты.
Форум барысында қос тарап екі елдің қазіргі жағдайы мен саяси және экономика салаларындағы екіжақты ынтымақтастықтың келешегін талқылады.
Жиынға келген делегаттардың дені - медицина, туризм және энергетика салаларының мамандары. Олардың көбі қазақстандық кәсіпкерлермен тығыз байланыс орнатып үлгерген.
Айта кетейік, Саравак - Малайзиядағы ең үлкен штаттардың бірі. Өңір өзінің ағаштан құрылыс материалдарын даярлайтын өнеркәсіптерімен танымал.
Датук Амар Хаджи, Саравак штатының Индустриалды даму министрі:
Форум барысында біз инвестициялардың көлемін ұлғайтуды көздеп отырмыз. Сондай-ақ, екі елдің арасындағы туризм және білім саласын дамыту ойда бар. Мәселен, қазір Малайзияда Қазақстанның 3 мыңға жуық азаматы оқиды. Олардың саны жыл өткен сайын артып келеді.
Айдана ҮСЕНБАЙ