Түркі кеңесінің IV саммиті қарсаңында Сыртқы істер министрлері кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркі кеңесінің IV саммиті қарсаңында Сыртқы істер министрлері кездесті

04.06.2014
Түркі кеңесінің IV саммиті қарсаңында Сыртқы істер министрлері кездесті
 
Түркі кеңесінің IV саммиті қарсаңында ұйымға мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлері кездесті. Тақырып - туризм.
 
Түркітілдес мемлекеттер ынтымағы кеңесіне қазір 4 мемлекет - қазақ, қырғыз, түрік һәм Әзірбайжан елдері мүше.
 
Халықаралық ұйым 2009 жылы Нахичевань келісімінен кейін құрылған. Ұйымды құруға біздің мемлекеттің басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамашы болғанын айтып өту ләзім.
 
Негізі түркітілдес елдердің ынтымағын Қазақстан азаттық алғалы қолдап келеді. Бүгінгі жиынға  Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов та қатысып, туризм саласындағы ынтымаққа мемлекетіміздің қосар үлесі мен мүмкіндіктері туралы баяндады.
 
IV саммиттің Бодрумда ұйымдастырылғанын да тақырыпқа тұздық деп қосуға болар. Өйткені, Бодрум біздің жиһанкездерге жақсы таныс, туристік қала.
 
Негізі, Анадолы жұртының туристік әлеуетін қандас біз ғана емес, әлем әлдеқашан мойындаған. Ендеше, бұл жолғы тақырыпты түрік ағайынның жетік меңгергені даусыз.
 
Негізгі шаруа ертең басталады. Қазақстан, Қырғыз, Әзірбайжан және Түркияның президенттері бас қосады. Сондай-ақ, бұл жолғы саммитке Түркіменстан президенті Ғұрбанғұлы Бердімұхамедов те қатысады деген үміт бар.
 
Еркін  ТАҢАТҚАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу