Жуырда өткелі отырған Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңесіне 40-қа жуық мемлекет пен халықаралық ұйым өкілдері қатысады деп күтілуде.
Әзірге 14 мемлекет және үкімет басшылары, 8 халықаралық ұйым төрағалары аталмыш жиынға қатысатынын растады, деп хабарлайды Қытай Сыртқы істер министрлігі.
Бұл жолғы кеңес мамыр айының 20-21 аралығында Шанхай қаласында «Жаңа Азиядағы сенім мен ынтымақтастық, бейбітшілік пен тұрақтылық шараларын күшейту» тақырыбында өтеді.
2014-2016 жылдар аралығында кеңеске Қытай Халық Республикасы төрағалық етеді. Осы жолғы жиын өте ауқымды болмақ және ең өзекті деген мәселелер талқыланады.
«Азия әлі де көкейкесті мәселелер мен тарихи дауға толы аймақ. Сондықтан, жиынға қатысушы тараптарды белсенді болуға шақырамыз дейді», Қытай тарапы.
Дәурен БАУЫРЖАНҰЛЫ