Қазақстан мен Марокко ынтымақтастығы арта түседі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан мен Марокко ынтымақтастығы арта түседі

22.04.2014
Қазақстан мен Марокко ынтымақтастығы арта түседі
Бүгін Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Марокко Королдігі парламенті кеңесшілері палатасының төрағасы Мұхаммад Аш-Шейх Биядилламен кездесті. Екіжақты кездесуде Қазақ елі мен Марокко арасындағы қарым-қатынасты арттыру жайы талқыланды.
 
Сенат спикері елде «Қазақстан-2050» стратегиясының іске асырылып жатқанын және келесі жылы әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің V съезінің өтетінін айтты.
 
Қасым-Жомарт Тоқаев Марокко елін осы съезге атсалысуға және 2017 жылы өтетін ЕХРО халықаралық көрмесіне қатысуға шақырды. 
 
 
Нұргүл САҒИТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу