Мемлекеттің қарамағында болған нысандар жекенің қолына өткеннен кейін, дұрыс инвестиция құюдың арқасында дамуға мүмкіндік алды.
Семейлік Марат Құрманбай жекешелендірудің бірінші кезеңінде батылдық танытып, бизнеске бет бұрғандың бірі.
Бастапқыда 400 кәсіпкер сауда жасайтын жабық алаң болса, бүгінде өңірдегі ірі корпорация деңгейіне жетті. Қазір онда 800 адам жұмыс істеп, 3000 кәсіпкерге жұмыс орны ашылған.
Кезіндегі жекешелендірудің жемісін көріп отырған «Ақшың» корпорациясының құрамында ірі сауда орындарымен қатар, логистикалық орталық, заман талабына сай ірі ветеринарлық зертхана да жұмыс істейді.
Ержан ЖАҚЫП