Қазақстан Халқы Ассамблеясы - тиімді құрылым - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан Халқы Ассамблеясы - тиімді құрылым

12.04.2014
Қазақстан Халқы Ассамблеясы - тиімді құрылым
Тәуелсіздік алған уақыттан бастап, Қазақстан ұлтаралық татулық пен келісімді орнатып, оны насихаттауда көпке үлгі. Ұлттық арнаға сұхбат берген ресейлік саясаткерлердің пікірі осыған саяды. Мәселен Ресей Федерация Кеңесінің депутаты Валерий Шнякиннің айтуынша, Қазақстан Халқы Ассамблеясын құрып, елдің бірлігіне 20 жылға жуық уақыт бойы институционалды тұрғыда мән беріп отырған, Қазақстан Президентінің қадамы, әлемдік қоғамдастық мойындайды.
 
Валерий Шнякин, РФ Федералды Жиналысы Федерация Кеңесінің депутаты:
Қазақстан Халқы Ассамблеясы тиімді, әрі керек құрылым деп ойлаймын. Оның үстіне қазіргідей аумалы-төкпелі заманда, ішкі тұрақтылықты сақтау үшін, мұндай органның маңызы тіптен артатыны сөзсіз. Тәуелсіздік алған уақыттан бастап, Қазақ елінің басшылығы, ұлтаралық, дінаралық татулыққа баса мән берді. Соның арқасында қазір Қазақстанда көптеген ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Елдеріңіз, алдағы уақытта да осы саясатты жалғастырады деп ойлаймын.
 
Нұртас СОЛТАНҰЛЫ
Айнагүл СЕРІКҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу