Қазақстанның Ресейдегі Елшілігі Наурыз мерекесіне арналған ресми қабылдау өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанның Ресейдегі Елшілігі Наурыз мерекесіне арналған ресми қабылдау өткізді

11.04.2014
Қазақстанның Ресейдегі Елшілігі Наурыз мерекесіне арналған ресми қабылдау өткізді
Ресейдегі Қазақстан Елшілігі Наурыз мерекесіне арналған ресми қабылдау өткізді. Салтанатты кеш барысында Елші Марат Тәжин сөз сөйлеп, жиналған қауымды мерекемен құттықтады.
 
Шараға Ресейдің белгілі саясаткерлері, ірі компаниялардың жетекшілері, шоу-бизнес өкілдері мен дипломаттар және қазақ диаспорасы қатысты.
 
Жиынға келген мәртебелі меймандардың барлығы да Қазақстан мен Ресей қарым-қатынасының жоғары деңгейде екеніне тоқталып, алдағы уақытта да өзара байланысты арттыра беру керек, деген пікір білдірді.
 
Олардың айтуынша, екіжақты әріптестіктен бөлек, Кедендік одақ сынды көпжақты интеграциялық процестердің дамуына, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тұлғасы зор ықпал етіп отыр.
 
Василий Небензя, РФ Сыртқы істер министрінің орынбасары:
Ресей мен Қазақстанның қарым-қатынасы - стратегиялық әріптестіктің ғана емес, шынайы достықтың да үлгісі дер едім. Ресей басшысы Владимир Путин Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездескендей, басқа бірде-бір елдің жетекшісімен жиі жолықпайды. Біздің бірнеше жылдан бері жалғасып келе жатқан достығымыз одан ары нығая беруі тиіс. Көп кешікпей Еуразиялық экономикалық одақ құрылады деп үміттенемін.
 
Нұртас СОЛТАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу