Рұқсат беру жүйесі оңтайланады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Рұқсат беру жүйесі оңтайланады

28.03.2014
Рұқсат беру жүйесі оңтайланады

Кәсіпкерлер үшін бюрократиялық кедергілер азаяды. Бүгін Үкімет рұқсат беру жүйесін оңтайландыратын заң жобасын мақұлдады.

 
Өңірлік даму министрі Болат Жәмішев мәлімдегендей, елімізде тұңғыш рет рұқсат беру рәсімдері бір заңның аясына топтастырылды және рұқсат қағаздарының саны 1000-нан 752-ге қысқарды.
 
Бұған дейін Мемлекет басшысының тапсырмасымен рұқсат беру қағаздарының саны екі мәрте 30 пайызға азайтылды. Соған қарамастан, отандық кәсіпкерлер әлі күнге дейін қағазбастылықтан құтыла алмай келеді.
 
Ендігі жерде, мемлекеттік органдар Парламенттің келісімінсіз өз қалауымен рұқсат құжаттарын енгізе алмайды. Ал, заңда көзделмеген құжаттарды талап етуге құқы жоқ.
 
Сондай-ақ, заң жобасында шетел азаматтары мен компанияларға рұқсат және лицензияларды беру тәртібі реттелген. Премьер-Министр Серік Ахметов Өңірлік даму министрлігіне құжатты сәуір айында Мәжіліс қарауына енгізуді тапсырды.
 
Абылай Мырзахметов, Кәсіпкерлердің Ұлттық экономикалық палатасының төрағасы:
Көп қағаздар хабарламаға ауысты. Тек ұлттық экономикаға, мемлекеттік қауіпсіздігіне байланысты мәселелер бойынша арнайы лицензия қарастырылған. Бұл қағаздар электронды түрде берілетін болады. Мінеки, заңда осындай жүйелі мәселелер қарастырылған.
 
 
Нұргүл САҒИТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу