Украина нотасын түсінбестікпен қабылдадық - ҚР СІМ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Украина нотасын түсінбестікпен қабылдадық - ҚР СІМ

28.03.2014
Украина нотасын түсінбестікпен қабылдадық - ҚР СІМ
 
Украина Сыртқы істер министрлігінің нотасы эмоциямен жасалғанға ұқсайды. Ал Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі оған жазбаша жауап беруді жоспарлап отырған жоқ. Бұл пікірді бүгін мекемнің ресми өкілі Жанболат Үсенов білдірді.
 
Жанболат Үсенов, Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі:
Біз Украина Сыртқы істер министрлігінің нотасын түсінбестікпен қабылдадық. Қазақстан Украинадағы жағдай бойынша салмақты және шынайы ұстанымда. Біздің Елбасымыз бірнеше рет, сонымен қатар, Гаагада өткен саммитте барлық тараптарды бейбіт келіссөздер арқылы жалп халықтық нағыз репрезентативті демократиялық сайлау және елдің экономикалық қайта қалыптасуына ықпал жасау негізінде украиналық дағдарыстан шығуға шақырды. Біз аталған мәлімдемеде украиналық тарапты алаңдататын ешқандай мәлімдеме көріп жатқан жоқпыз. Бүгін Украинаның уақытша және сенімді өкілі еліміздің украиналық дағдарысқа қатысты ұстанымын қайтадан түсіндіру мақсатында Сыртқы істер министрлігіне шақырылатын болады.

Хабарламаларға жазылу