Қазақ-Жапон байланысы артып келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ-Жапон байланысы артып келеді

12.03.2014
Қазақ-Жапон байланысы артып келеді

Еліміздің Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Жапонияның Сыртқы істер министрінің орынбасары Синсукэ Сугиямамен кездесті.

 
Ресми кездесу барысында Украинадағы саяси дағдарыс пен қос елдің күн тәртібіндегі күрмеулі мәселелері талқыланды. Сауда-экономикалық байланыстың даму бағыттары белгіленді.
 
Сандарға көз салсақ, Қазақстан-Жапония қатынасы қарқын алып келеді. Мәселен, өткен жылы екі елдің алыс-берісі 1,7 миллиард АҚШ долларына жетіпті.
 
Енді инвестициялық ахуалға көңіл бөлініп, көрсеткіш көлемі еселенбек. Тараптар бұдан бөлек, қос ел арасындағы визалық жүйеге жеңілдік енгізуді де сөз етті.    
 
Әсем ИЗАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу