Мәжіліс депутаттары «Балаларды уақытша ұстау орталығының» ұжымымен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәжіліс депутаттары «Балаларды уақытша ұстау орталығының» ұжымымен кездесті

26.08.2019

Алматыда  Мәжіліс депутаты Светлана Бычкова мен Серік Сейдуманов «Балаларды уақытша ұстау орталығының» ұжымымен кездесті.

Депутаттар балалардың жағдайымен танысып, қызметкерлердің сұрақтарына жауап берді. Аталған орталықта қазір 18 бүлдіршін бар. Мұнда 7 жастан 14 жасқа дейінгі жетім және жалғызбасты аналардың немесе әкелердің балалары қабылданады. Олар 3 айдан 6 айға дейін мемлекеттің қамқорлығында болады. Егер осы уақыт аралығында ата-анасы немесе туысқандары алып кетпесе, балалар үйіне тапсырады. Ал депутаттармен кездесуде көтерілген негізгі мәселе — мекемеге келушілердің отбасындағы проблемаларды шешу жолдарына арналды. Себебі орталыққа келушілердің қатары көбейген. Сондықтан орталықтың аумағын кеңейтіп, мүмкіндігін молайту жағы да пысықталды.

Светлана Бычкова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Біз орталықтағы балалармен танысып, қызметкерлердің сұрақтарына жауап беріп жатырмыз. Бүгінгі кездесуге ата-аналар да келіп отыр. Олардың отбасылық жағдайымен танысудамыз. Мұнда келушілер жыл сайын көбеюде. Әркім түрлі себеппен келеді. Әрине, бұл жақсы емес. Сондықтан біз жұмысты осыдан бастадық.

Нұрхан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу