Оқиға қыстақта түнгі сағат 3-тің шамасында болған. Малмен бірге 162 тонна шөп пен шаруашылық құрылысы, пішен қора өртенген. Алдын ала мәлімет бойынша, от қасақана қойылған. Сондай-ақ демалыс күндері Бәйтерек ауданы Достық ауылдық округінде екі шаруашылықтың 200 тоннадай шөбі отқа оранған. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ.
Болатбек Белгібеков, облыстық Полиция департаментінің баспасөз хатшысы:
Өрттің шығыны мен нақты себебі анықталуда. Жаңақала ауданындағы оттың жалпы аумағы 2450 шаршы метр. Қазір Қылмыстық кодекстің 204-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жаңақала аудандық полициясы тергеу жүргізуде.
Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ