Отандық тауар өндірішілер өнімін шет мемлекеттерге экспорттауда едәуір қиындыққа кезігіп отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Отандық тауар өндірішілер өнімін шет мемлекеттерге экспорттауда едәуір қиындыққа кезігіп отыр

26.08.2019

Парламент Мәжілісінің депутаты Бақытбек Смағұлмен кездескен Шымкент қаласындағы энергетикалық сусындар мен шырындар шығаратын зауыт жұмысшылары осы мәселені заңдық тұрғыда реттеуді сұрады. Олардың айтуынша көрші Өзбекстан өз нарығына келіп жатқан қазақстандық өнімдерге салықты тым жоғары қояды. Керісінше өзге елден келетін мұндай тауарларға Қазақстанда өте төмен мөлшерде салық төлемі алынады. Соның салдарынан сапасы мықты бола тұра баға жөнінен өзгелермен бәскелесу қиынға түсіп отыр.

Бақытбек Смағұл, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Көрші Өзбекстан елінде біздің өнімге сұраныстар көп. Сөйте отыра олардың салықтары 6-7 есе қымбат. Ал біздің елімізге кіріп жатқан шетелдік өнімдерге ондай жағдай жоқ. Өзгелер, көрші мемлекеттер біздің өнімдерімізді тоқтатып тастамас үшін салық мәселесін шешуге тиістіміз.

Ғани ҚАЛМАХАН

Хабарламаларға жазылу