Елордада отбасыларды жан-жақты қолдауға арналған «Жанұя» орталығы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада отбасыларды жан-жақты қолдауға арналған «Жанұя» орталығы ашылды

26.08.2019

Бұл бірегей жобаны қала билігі бизнеспен бірлесіп іске асырған. Бүгін Премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев орталықты аралап, атқаратын қызметімен танысты. Шаһар басшысы Алтай Көлгіновтің айтуынша, «Жанұя» орталығы бір терезе қағидаты бойынша жұмыс істейді және көрсетілетін мемлекеттік қызметтің бәрі біріктірілген. Мәселен, жұмыс іздеген, кәсіп бастауды жоспарлаған, кәсіптік оқудан өткісі келетін азаматтарға тегін кеңес беріліп қызмет көрсетіледі. Сондай-ақ, атаулы әлеуметтік көмек алу, балабақшаға кезекке қою, жәрдемақы алу бойынша барлық сұрақтарға осы жерден жауап табасыз. Ал, «Кәсіпкер ана» жобасы қыз-келіншектердің бизнеске белсенді араласуына ықпал жасайды.

Бердібек Сапарбаев, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары:

Қазір неше түрлі мемлекеттік бағдарлама бар. 1 айда 6 айға дейінгі курстарды оқып қазіргі экономикаға қажет мамандықтарды алу керек. Оның ішінде сіздер білесіздер 16 мың теңге степендия бөлінеді басқа да жағдайлары бар соларды толығымен пайдалану керек. «Анау жоқ мынау жоқ» деп үйде отыра берсек ешкім еш нәрсе әкеп бермейді. Адам өзі қимылдау керек, әрекет жасау керек.

Ербол МӘНДІБЕК

Хабарламаларға жазылу