Әкімдік қаланың шеткі аудандарындағы өзекті мәселелерді шешу жолдарын талқылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әкімдік қаланың шеткі аудандарындағы өзекті мәселелерді шешу жолдарын талқылады

23.08.2019

Қатты жауын жауса, көшелері көл-көсір болатын бас қаланың бұл мәселесін Алтай Көлгінов біржола шешуге бекініп отыр. Бүгін әкімдікте өткен қоғамдық қабылдауда елорда басшысы бұл мақсатта жобалық-сметалық құжат дайын болғанын мәлімдеді. Жаңбыр мен нөсер құйғанда, әсіресе, Бауыржан Момышұлы, Иманов көшелерінің суға толып қалатынына шағым көп екен. Сондықтан биыл осы аймақтарда жұмыс басталды. Жалпы алғанда, мұндай 32 нүкте бар. Мәселені шешу үшін инфрақұрылымды қалыпқа келтіру 2-3 жылға созылады. Бас қаланың тағы бір басты мәселесі – тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту. Қоғамдық қабылдауға келген әр ауданның тұрғындары көбіне-көп осы сала бойынша сауалдарын жеткізді. Алтай Көлгінов қордаланып қалған түйткілдерді біртіндеп шешуге уәде етті. Ол үшін биылдың өзінде Нұр-Сұлтанға 7,5 миллиард теңге бөлініп отыр. 

Алтай Көлгінов, қала әкімі:

7,5 миллиад теңге. Мысалы, 2 миллиард 300 миллион тек Ильинкаға бөлінді. Қалған Сарыарқа ауданындағы Көктал-1, Көктал-2 бар. Алматы ауданы бар, Байқоңыр ауданы. Солардың бәріне бірдей бөлінді. Инфрақұрылым, әлеуметтік нысандар. Ол қаражатқа биыл спорткомплекс салына бастайды. Сосын жолдар, инженерлік желілер.

Альбина ӘШІМ

 

 

Хабарламаларға жазылу