Мемлекет басшысы Жезқазған қаласына жұмыс сапарымен барды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Жезқазған қаласына жұмыс сапарымен барды

23.08.2019

Мемлекет басшысының Қарағанды облысындағы жұмыс сапары түстен кейін Жезқазған қаласында жалғасты. Президент қаладаға ең ірі өндіріс ошағы «Жезқазған мыс балқыту» зауытында болып, кәсіпорынның жұмысымен танысты, еңбек адамдарымен жүздесті. Аталған зауыт Казақ мыс компаниясына қарасты және елдегі  мыс өндіретін ірі 3 кәсіпорынның бірі.  Еңбек ұжымында 2000-нан астам адам жұмыс істейді. Былтыр зауыт 11 миллиард теңгеге жаңа пешті іске қосып, өнімділікті 60 пайызға арттырған. Нәтижесінде 200-дей жаңа жұмыс орны ашылған. Мемлекет басшысы осы және өзге де жұмыстармен танысты. Мемлекет басшысының обылстағы сапары ертең де жалғасады.

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу