Құтқарушылар жоғалған альпинистерді әлі іздеп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Құтқарушылар жоғалған альпинистерді әлі іздеп жатыр

22.08.2019

Бүгін Қазақстандық әскерилер Победа шыңына тік ұшақпен 14 рет көтеріліп жоғалған альпинистерді іздеді. Өкінішке қарай, нәтиже жоқ. Олар 5100-6000 метр биіктікте альпинистер жүруі мүмкін деген жерлерді барлаған. Тау бетіне 70 метрге дейін жақындап, тепловизрмен қарағанымен, жерлестерімізді таба алмады. Операция жетекшісі тауда іздеу жұмыстарын жаяу жүргізу қауіпті екендігін айтып отыр. Естеріңізге сала кетейік, Победа шыңына шыққан 3 қазақстандық 15-і тамыздан бері хабарсыз. Байланысқа соңғы шыққанда біреуінің қайтыс болғанын айтқан. Алғашқы күндері аймақта ауа райының қолайсыз болуына байланысты іздеу-құтқару шаралары жүргізілмеген.

Василий Певцов, Іздеу-құтқару операциясының жетекшісі:

Тау шатқалында қар көшкіні тағы да қайталануы мүмкін. Сондықтан құтқарушылардың басын қауіпке тігіп, жібере алмаймыз. Дәл қазір әскерилердің барлығы Қарқараға қайта оралды.

Ал альпинистердің жақындары болса іздеу жұмыстарын тоқтатпауды сұрап отыр. «Қар құрсауында қалған адамдар 15 күннен соң да табылған кездер болған. Сондықтан әлі де тірі екендеріне сенеміз», - дейді олар.

Оңғар АЛПЫСБАЙ

 

 

 

Хабарламаларға жазылу