БҚО-да «Жолда қабылдау» акциясы өтіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БҚО-да «Жолда қабылдау» акциясы өтіп жатыр

19.08.2019

Батыс Қазақстанда «Жолда қабылдау» акциясы аясында тұрғындар полиция департаментінің бастығына өз сұрақтарын қойды. Олар тәртіп сақшыларына қатысты мәселелерді көтеріп, қызметкерлердің заңсыз әрекеттеріне шағымданды. Жаяу патруль қызметін жандандыру, жолдағы қауіпсіздік, шетелдік автокөліктерді тіркеу туралы да сауалдар аз болмады.

Қабылдау кезінде жаңа ережелер де түсіндірілді. Енді шет нөмірлі көліктер облыс аумағына кіргізілгеніне он күннен асса, міндетті түрде тіркеуден өтуі тиіс. Ұрлық-қарлық, соның ішінде мал ұрлығына қатысты сауалдар да жиі жолданды.

Махсудхан Аблазимов, облыстық полиция департаментінің бастығы:

Мал ұрлығы, ондай қылмыстардың ашылуы 75,6 пайызға көтерілді. Қазір бірнеше қылмыстық топ құрықталды.

Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу