Жас кәсіпкерлерге қолдау көрсетілуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жас кәсіпкерлерге қолдау көрсетілуде

19.08.2019

Биыл Павлодарда шағын бизнеспен айналысатындар қатарына 9 жас кәсіпкер қосылды. Оларға «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында 3 млн теңге көлемінде қайтарымсыз грант берілді. Сәбина Байзақова мемлекеттік қолдау алу үшін бизнес жоспар жасап, екі жыл бойы конкурстарға қатысты. Биыл жолы болды. Сөйтіп айналасы бір ай ішінде шағын тігін цехын ашты.

Қазір болашақ аналарға арналған киім-кешек тігумен айналысады. Синтетикалық қоспасы жоқ, табиғи матадан жасалған бұйымдарды тұтынушылар жақсы алып жатыр. Сондықтан жұмысқа қосымша үш адам қабылданды.

Сәбина Байзақова, жас кәсіпкер:

Маған мемлекет қаржысынан 3 млн теңге бөлініп, оған өзім 300 мың салып, осы шағын кәсібімді ашып отырмын. Осы тамыз айында бізде барлық жұмыс атқарылды. Дайын киімдеріміз бар. Екі тігінші, бір дизайнер жұмыс істейді.

Болат АМАНБАЕВ

Хабарламаларға жазылу