Жаңа айтылғандай бұл жолғы ұстаздардың Тамыз кеңесінің бұрынғыдан ерекшелігі — оған Мемлекет басшысы қатысты. Жиынның форматы мен мазмұны да жан-жақты болды. Мысалы, жиын биік мінберсіз, орынсыз қошеметсіз қарапайым мазмұнда өтті. Мемлекет басшысы білім мен ғылымның барлық сласына баға беріп, нақты тапсырмалар жүктеді. Президент өзін сай салмақты мінезімен жиынды қорытындылап, өңірлерден келген ұстаздармен естелік фотоға түсті. Үздік ұстаздарды да марапаттады. Қысқасы Мемлкет басшысы бүгінгі жиында өзгерісті өзіңнен баста қағидасын басшылыққа алып, өзге басшыларға қарапайымдылықтың үлгісін көрсетті.
Дулат АБИБУЛЛАЕВ