Емтиханға жасырын телефон алып кіруге көмектескен Ұлттық бірыңғай тестілеу орталығының маманы жұмыстан қуылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Емтиханға жасырын телефон алып кіруге көмектескен Ұлттық бірыңғай тестілеу орталығының маманы жұмыстан қуылады

16.08.2019

Емтиханға жасырын телефон алып кіруге көмектескен Ұлттық бірыңғай тестілеу орталығының маманы жұмысынан босатылады. Келеңсіз жәйт Алматы қаласындағы өткізу пунктінде тіркелген. Мына кадрда магистратурға түсу үшін тест тапсыруға келген жігітке телефонды алып өтуіне жағдай жасалғаны көрініп тұр. Қазір оның үстінен қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ тағы бір елордалық азамат тестілеу кезінде қымбат телефонын дәретханаға қалдырып кетіпті. Үміткер емтиханның нәтижесі шыққан күнді күтіп, өзінің сыннан өте алмағанына көз жеткізгеннен кейін ғана байланыс құралын алып кетуге барған. Ал «егер ол сүрінбегенде жинаған ұпайы есептелмейтін еді»,-дейді орталық басшысы. Жалпы еліміз бойынша магистратура емтихандары аяқталды.

Дидар Смағұлов, Ұлттық бірыңғай тестілеу орталығы директорының міндетін атқарушы:

Тестілеуге 30 мыңнан астам үміткерлер өз өтініштерін берді. Бірақ тестілеуді 28 мың адам тапсырды. Сол 28 мың адамның ішінде 1021 адамның нәтижелері жойылған. Өйткені олар смартфон, шпаргалка әр түрлі заттарды қолданып емтиханда отырған. Сондықтан олардың нәтижелері жойылды. Сонымен бірге 37 бөгде адам анықталды.

Нысаналы ЫҒЫЛ

 

Хабарламаларға жазылу