Оралда жетім балалар санатымен үй алған он шақты адам алаяқ заңгерге алданып қалды. Балалар үйінің бұрынғы тәрбиеленушілеріне 10 жыл бұрын мемлекеттік тұрғын үй қорынан пәтер кілттері табыс етілген. Кейін баспананы жекешелендірмек болып, әлеуметік желіге жазба жариялайды. Сол кезде өзін заңгермін деп таныстырған әйел көмектесуге уәде беріпті. Ол тұрғындардың әрбірінен 600 мыңнан 2 миллион теңге аралығында ақша алып, тақырға отырғызып кеткен. Зардап шеккендер 8 айдан бері бұл іспен дауласып келеді. Сотта жеңіліп қалған. Өйткені заң бойынша жетім балаларға берілген үй жекешелендіруге жатпайды екен. Ал күдікті азамат мүлдем хабарсыз еткен.
Елена Ломилина, қала тұрғыны:
Біз заңгерге 600 мың теңге бердік. Қолхатым бар. Несие алып, 1 миллион 800 мың теңге қолма-қол бергендер бар. Енді не ақша жоқ, не құжат жоқ. Барлығы 7 адам қалалық полицияға тағы арыз бердік. Әзірге іс қозғалмай тұр.
Ерлан Шайхиев, Қалалық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бөлім басшысы:
Тұрғын үй қорынан үй алған азаматтар тек қана жетім балалар емес, барлық санаттағыларға бірдей талап қойылған. Заңмен қорғалған. Жекешелендіруге жатпайды. «Нұрлы жер» бойынша салынған үйлердің барлығы да.
Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ