Байсерке ауылында балабақша тәрбиешісі балаларға зәбір көрсеткен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Байсерке ауылында балабақша тәрбиешісі балаларға зәбір көрсеткен

15.08.2019

Алматы облысының Іле ауданындағы «Ниетай» бөбекжайында баланы ұрған тәрбиешінің үстінен ата-анасы полицияға арыз түсірді. 

Байсерке ауылындағы жекеменшік балабақшада болған жағдай бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Үйіне үсті-басы көгеріп келген бүлдіршіннің әке-шешесі бейнебақылау камерасын қарап отырып, тәрбиешінің баланы ұрғанын анықтапты. Енді осыған қатысты Алматы облыстық полиция департаментінің тәртіп сақшылары қажетті сараптама тағайындаған. Соған сәйкес, процессуалдық шешім қабылданады. Ал аудандық білім бөлімінің мамандары жекеменшік балабақша болғандықтан, олардың ісіне араласа алмайтындарын алға тартқан. Тек тәрбиешіні жұмыстан босату туралы ұсыныс берген.

Гүлфариза Қасымбекова, балабақшаның меңгерушісі:

Ол үшін жауап бере алмаймын ешқандай. Өйткені мен ол қызды енді алдым ғой. Өзіме де өте ауыр мұндай жағдай. Қайталамауға да тырсамыз. Ал ол қызбен мен әлі де сөйлесемін. Басшы ретінде емес, ол жұмысшым ретінде емес, әпкелі апалы болып сөйлескім келеді. Не жағдай болғанын... Ол әдейі істеген жоқ.  

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

 

 

Хабарламаларға жазылу