Маңғыстауда 28 жасырын казино анықталды. Ойынханалардан 3 миллион теңгеден астам қаражы мен екі жарым мың ойын автоматы тәркіленді.
Заңсыз бизнесті май шетпекке айналдырғандар, букмекерлік кеңсе атын жамылып жұмыс істеп келген. Құмар ойынды ұйымдастыру дерегі бойынша Қылмыстық Кодекстің 307-бабымен 22 іс қозғалды. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 55 пайызға көп.
Азамат Ахметов, Маңғыстау облыстық экономикалық тергеу департаментінің басқарма басшысы:
Соттың шешімімен, Әділет және экология департаменттерімен бірлесіп 490 компьютерлік техникалар, ойын автоматтары жойылды. Заңсыз ойын клубтары мен казино қызметін анықтау және олардың жолын кесу бойынша іс-шаралар жалғаса береді. Бұл мәселе Қаржы Министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті төрағасының тұрақты бақылауы.
Аягөз ОРАЛБАЙ