Бүгін елорда әкімі Алтай Көлгінов құрылыс саласының ардагерлері мен қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады. Өз саласында үздік деп танылып, қажырлы еңбек еткен озық мамандар қала басшысының қолынан марапат алды. Еңбегі еленген 23 құрылысшының төртеуіне «Құрметті құрылысшы» төсбелгісі тағылды. Қалғандарына құрмет грамоталары табысталды.
Қала әкімі қолынан ерен еңбегі үшін мараптқа ие болғандардың бірі -Жәмилә Әлиева. Құрылыс саласында 43 жылдан бері қызмет етіп келеді. Ал елордадағы түрлі тұрғын үй мен ғимараттарды салуға 13 жыл бойы атсалысып жүр. Жәмилә Әлиеваның қызметі - мұнаралы кран машинисі. Яғни, техниканы биіктікте басқарады. Ол шыққан ең жоғарғы биіктік – 38 қабат деңгейі болыпты. «Жұмыстағы басты талап - ыждаһаттылық»,- дейді ол. Әйтпесе, кран көтерген зат оңай құлап кетуі мүмкін.
Жәмилә Әлиева, мұнаралы кран жүргізушісі:
Таңдау жоқ. Бастысы, кран болса болды. Кранды да таңдамаймыз. Қандай кран болса, соны жүргізе береміз.
Осындай құрылысшылар мен сәулетшілердің арқасында елордамыз көркейіп келеді. Алуан түрлі әкімшілік, үкіметтік және іскерлік орталықтар пайда болды. Заманауи көпқабатты тұрғын үйлер тұрғызылды. 20 жылда қала аумағы 3 есеге, тұрғындар саны 4 есеге өсті. Құрылыс т, сәйкесінше тоқтаған жоқ.
Алтай Көлгінов, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі:
Ммемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен қаламызда қолжетімді баспана құрылысы артататын болады. Бұл да құрылысшылар үшін жұмыс, олардың отбасы үшін табыс. Табыс тілей отырып, отбасыға амандық тілеймін. Мереке құтты болсын!
Бүгінде бас шаһарда 65 мың құрылысшы еңбек етеді. Жыл сайын олар 2 миллион шаршы метрден астам тұрғын үй салады. Сондықтан, олардың асыл еңбегін елемеу мүмкін емес. Салтанатты рәсім соңындағы концерт те осы мамандардың құрметіне.
Фариза МҰСАҚЫЗЫ