Алматыда салықтық рақымшылық бойынша борышкерлердің өсімақысы кешірілуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда салықтық рақымшылық бойынша борышкерлердің өсімақысы кешірілуде

09.08.2019

Алматыда салықтық рақымшылық бойынша борышкерлердің өсімақысы кешірілуде. Мамандардың айтуынша, қарызы барлар осы жылдың соңына дейін берешектерінен құтылса, соңғы бес жылда жиналған үстеме пайыз есептелмейді. Ал, салығын төлеп үлгергендерге өсімақы қайтарылады.

Мәселен, Наурызбай ауданы бойынша бүгінде 8 мыңнан астам салық төлеушінің 250 миллион теңге қарызы бар. Соның ішіндегі өсімпұлдың көлемі 50 миллионнан асады. Салық заңнамасын сақтамағандардың қатарында үй, көлік, Жер және өзге де мүлік иелері бар. Оларға ағымдағы жылдың 1 қазанына дейін салығын төлеуге уақыт беріледі. Егер дер кезінде міндетінен құтылмаса, алыс-жақын шетелдерге жіберілмейді және есепшоттары жабылып, өзге де тиісті шаралар қолданылады.

Гүлнар Мақажанова, Наурызбай ауданы Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары:

Біздің сайтымызда арнайы сервис жұмыс істейді. Порталға жеке сәйкестендіру нөмірді енгізу арқылы қарыздар туралы ақпарат алуға болады. Осы жылдың соңына дейін негізгі қарызын төлегендердің өсімақысы кешіріледі. Ол үшін Мемлекеттік кірістер басқармасына келіп, өтініш жазу жеткілікті.

 

Нұрхан НҰРЛАНҰЛЫ

 

Хабарламаларға жазылу